Ақмола облысында өртенген пәтерден 3 адамның мүрдесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында өртенген пәтерден 3 адамның мүрдесі табылды, оның бірі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, 2020 жылғы ақпанның 11-де кешкілік уақыт 21:54-те Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөліміне Покровка селолық округінің әкімі хабарласып, ауылдағы тұрғын үйде өрт болғанын айтқан.

«Оқиға орнына Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөлімінің жеке құрамынан 8 адам және 2 Өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртенген пәтердің ішінен 1973 жəне 1978 жылғы екі ересек пен 2016 жылғы баланың мүрдесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар