Ақмола облысында өртенген мектеп жөнделіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат- Ақмола облысында өртенген ауыл мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Зеренді ауданының Дөңгілағаш ауылындағы 9 жылдық негізгі мектептің бу қазандығында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан өрт шыққан болатын.Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпып, салдарынан білім ордасының шатыры бүлінді. Сол кезде, оқушылар бос тұрған тұрғын үйдің бірін мектеп ретінде пайдаланды.
null

Қазіргі кезде аталған білім ордасына облыстық бюджеттен құны 34,3 миллион теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған.
"Жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңында дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін ғимараттың шатыры мен терезелері ауыстырылып, ішкі əрілеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылында ауылдағы 50 бала осы мектепте оқитын болады", - дейді Қонысбай ауылдық округінің әкімі Серік Сабыров.
null

Сонымен қатар, осы ауылдағы мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 12 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстарын бірер аптада аяқтау жоспарда бар.
null

Соңғы жаңалықтар