Ақмола облысында орташа жалақы 104 мың теңгені құрайды - Мырзалин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтардың әл-ауқатын көтеру міндеті - тұрғындардың еңбекақысын көтеруден басталады. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің аймақтық коммуникациялар қызметінде өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және республикалық басылымдардың меншікті тілшілерімен өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, облыс тұрғындарының орташа айлық еңбекақысы 104 мың теңгені құрайды. Бұл өзге облыстармен салыстырғанда рейтинг бойынша 13-ші орын тұр деген сөз. 

«Біздің облыстың әлеуеті жоғары. Егер біз дұрыс бағытта жұмыс істейтін болсақ, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізетініміз сөзсіз», деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар, облыс әкімі қосымша табыс әкелетін бірқатар бағдарламаларды атап өтті. Мәселен, аграрлы салада бидай өсірумен шектеліп қалмай, майлы дақылдар, рапс, картоп және өзге көкөніс түрлерін өсіруді ұлғайтуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар