Ақмола облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы салынып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметі бойынша Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылындағы күн энергиясынан қуат алатын стансаның құрылыс жұмыстарын инвестор әрі тапсырыс беруші «KBEnterprises» компаниясы қолға алып отыр. Қазіргі кезде компания қуаты 100 МВт күн электр стансасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңіне кірісуде.

Жобаның құны 165 миллион еуроны құрайды. Құрылыс алаңы  300 гектар. Инженерлік мердігер ұйым ретінде SUMECCLEANENERGYINTERNATIONALCO.LTD халықаралық холдингі танылған. Құрылыс жұмыстары АВВ еуропалық концернімен бірлесіп жүргізілмек.

«Қоғам үшін жоғары технологиялық, экологиялық жағынан таза әрі тиімді жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның әлем қауымдастығы алдында абыройын асқақтатпақ. Жобаның «KBEnterprises» компаниясы тартқан барлық қатысушылары - халықаралық деңгейдегі сарапшылар», делінген әкімдік атартқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар