Ақмола облысында өрт болған пәтерден 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында өрт болған пәтерден 61 жастағы үй иесінің мәйіті табылды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өрт 2-ші қараша күні түнгі 23:33 минут шамасында Жарқайың ауданының Державин қаласында тұратын 1954 жылғы Т.Қосшығұловтың пәтерінде орын алған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамынан 3 адам және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан үй иесінің мәйіті табылды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар