Ақмола облысында өрт 62 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданында жекеменшік үйлердің бірінде болған өрт 62 жастағы әйелдің өмірін жалмады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға Жақсы ауданының Запорожье селосындағы жекеменшік үйлердің бірінде бүгін түнгі уақыт 04:03 шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД жеке құрамынан 3 адам және өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1952 жылғы әйелдің мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар