Ақмола облысында өрт 6 адамның өмірін жалмады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері 6 адам өрттен көз жұмды. Бұл туралы бүгін «Ақмола Медиа Орталығында» өткен баспасөз мәслихаты барысында Ақмола облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің басшысы Денис Шелкоплясов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2016 жылдың басынан бері облыс аумағында барлығы 73 өрт оқиғасы тіркелген.

«Жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің дұрыс сақталуы маңызы. Өйтпеген жағдайда адам шығынына әкеліп соқтыратын қайғылы жағдай орын алатыны анық. Мәселен, жыл басынан бері өрттен 6 адам көз жұмып, 4,7 миллион теңгеден астам көлемінде материалдық шығын келтірілген. Адам өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33 пайыз жоғары болып отыр», дейді Д.Шелкоплясов.

Сонымен қатар, ол ыстан уланып қалу оқиғасы да өршіп тұрғанын атап өтті.
«Жыл басынан бері облыс бойынша 17 адам ыстан уланса, оның 8-і көз жұмды (2015 жылы 4 адам). Оқыс оқиғалардың дені жер үйлердегі пештің дұрыс жұмыс істемеуінен туындап отыр. Осы мақсатта ТЖД қызметкерлері облыс аумағындағы 1863 үйге барып өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде ескерту жасады», дейді Д.Шелкоплясов.

Брифинг барысында көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында қауіпті елді мекендер мен жолдарды қардан тазарту жұмыстары сияқты алдын алу шаралары да айтылды.
2

Соңғы жаңалықтар