Ақмола облысында өрт 47 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Степногор қаласына қарасты Ақсу селосында жекеменшік үйлердің бірі өртке оранды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД мәліметі бойынша, өрт Сәтбаев көшесі бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде, түнгі сағат 03:47 шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 15 адам және өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 1967 жылы туған А.Тұрсынбаеваның мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар