Ақмола облысында өрт 26 жастағы жігіттің өмірін қиып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында болған өрт 26 жастағы жігіттің өмірін қиып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметі бойынша, қайғылы оқиға Қосшы ауылында 7 наурыз күні сағат 10:46 шамасында орын алған.

«Өрт № 5-ші өндірістік аймақтағы «Металл КОН» ЖШС аумағында орналасқан ангарда тұрған вагоннан шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға  ТЖБ жеке құрамынан 10 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 1991 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар