USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде

2021 жылғы 21 қазан 12:20
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ Германия университетінде студент қарудан оқ жаудыра бастаған Түркияның үш провинциясында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 20-да түнгі сағат 23:53-те Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғынынан Сандықтау ауданының Құмдыкөл ауылында тұратын әкесі 1955 жылғы Қайыржан Баржақсымұлы Баялин және анасы 1954 жылғы Алтынай Балтақожықызы Баялинаны іздеп табуға көмектесу туралы өтініш түсті.

«Ерлі-зайыптылар қазанның 20-да Зеренді ауданының Қошқарбай ауылына дала жолдарымен бет алған және Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы орман алқабында адасып кеткен. Ақау шыққан «Хонда автокөлік орманың ішінде қалдырып кеткен. Жоғалған адамдарды іздеуге Зеренді және Сандықтау аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы бағытталған. Іздеуге жергілікті тұрғындар, еріктілер де тартылды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір мәліметке ие адамдар болса, «102» телефоны арқылы хабарласуын сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT