Ақмола облысында ономастика мәселелеріне арналған семинар өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы 2019 жылғы 27 қарашада «Ономастика: зерттеу және тәжірибе» атты облыстық практикалық семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Мақсаты – Ақмола облысына қарасты жер-сулар мен елді-мекендердің тарихи атауларын анықтау. Ғалымдардың осы тақырыптағы зерттеулерін көпшілікке насихаттау. Өңірімізде ономастика мәселесімен айналысатын мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Көкшетау қаласының ономастика жұмысы бойынша тобы, аудандық және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, облыстық және қалалық архивтердің, Көкшетау қаласындағы музейлердің қызметкерлері, тарих пәнінің мұғалімдері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Семинарды Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы жүргізді.

Аталған жиында ономастика саласы бағытында ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев «Ақмола облысының тарихи топонимдері: зерттелу барысы, қасиеттілік синонимі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Бексейітова Ақбота Тастанбекқызы «Ақмола облысының тарихи топонимикасының кейбір мәселелері» тақырыбында, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакторы, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Төреғожа Қайырбай Зейноллаұлы «Ономастика: міндет пен нәтиже», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы «Ақмола облысының ежелгі жер-су атаулары», Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкері Ирина Бекзатқызы «Елді-мекендердің тарихи атауларын қайтарайық!» деген тақырыпта баяндамалар көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар