Ақмола облысында онлайн музей сабағы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының 30 жылдығы шеңберінде Атбасар ауданының Маринов тарихи-өлкетану музейінде «Руханият – бейбітшілік пен келісімге апарар жол» тақырыбымен онлайн музей сабағы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Музей коллекцияларындағы Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» музей жобасы аясында «30 музейлік сабақтар» циклі Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты.

Маринов тарихи-өлкетану музейінде «Руханият – бейбітшілік пен келісімге апарар жол» тақырыбымен өткен онлайн музей сабағында Қазақстандағы мерекелік күндер күнтізбесінде жаңа мереке – Алғыс айту күнінінің пайда болу тарихы; XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы және ортасында Қазақстанға қоныс аудару, депортациялау тарихы бойынша экскурс өткізілді.


Маринов тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Эльмира Айтжанова атап өткендей, сабақ қоғамдағы толерантты рухани келісім сияқты нормаларға арналған. Қазіргі адам міндетті түрде толерантты болуы керек. Толерантты адам-өзін-өзі бағалау сезімі бар және басқаларды құрметтейтін адам. Толеранттылық жеке адамның, топтың, жалпы қоғамның жоғары рухани және интеллектуалдық дамуының белгісі болып саналады.


«Адам өмірде әртүрлі ұлт өкілдерімен, әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды, сондықтан өз халқының да, басқа мәдениет пен дін өкілдерінің де мәдени құндылықтарын құрметтеуді үйрену, ортақ тіл табуды үйрену маңызды. Сонымен қатар, төзімділік адамның сапасы ретінде жаңа күтпеген жағдайларға сәтті бейімделу үшін қажет деп саналады. Төзімділікке ие емес адамдар өмір талап ететін өзгерістерге қабілетсіз болып келеді», - дейді музей меңгерушісі.

Бүгіндері Қазақстан көптеген халықтардың үйіне айналып отыр. Бейбітшілік, келісім мен бірлік салтанат құрған үй. Қазақстан халықаралық аренада бейбітшілік аумағы, мәдениеттер мен діндердің үндесіп, жақындасқан алаңы ретінде қабылданады.


Соңғы жаңалықтар