Ақмола облысында өңдеуші өнеркәсіптің үлесі артты

None
None
КӨКШЕТАУ. қазАқпарат - Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына индустриалды саладағы кәсіпорындардың қосатын үлесі зор. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың облыс активі және жергілікті бизнес өкілдерімен өткізген жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің айтуынша, жылдан жылға өңір экономикасында өнеркәсіп саласының үлесі артып келеді. Осының нәтижесінде аграрлық облыс индустриалды-аграрлық өңірге айналып келеді. 

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өңірде 4,3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін құны 526 миллиард теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде еліміздегі ең ірі, жылдық қуаты 50 мың құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасы бар. Келер жылы іске қосылатын жоба тұтыну нарығындағы жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді», -  деді М.Мырзалин.

Соңғы жаңалықтар