Ақмола облысында оңалту орталығы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді аудандық ауруханасы базасында оңалту орталығы ашылды.

Орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сақтандырылған науқастарға тегін қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оңалту орталығы кардиология, неврология және травматология дертіне шалдыққан 20 науқасқа шақталған.

Бүгінгі таңда 8 науқас қалпына келтіру емін алуда.

«Науқастармен реабилитолог, психолог, кардиолог, травматолог және невропатолог дәрігерлерден тұратын мультидисциплинарлы команда жұмыс істейді.

Орталық қазіргі заманғы тренажер, кардиожүгіру жолы, швед қабырғасы, жаттығу снарядымен жабдықталған. Массаж кабинеті, манульды терапия және Монтессори кабинеті бар. Әр науқаспен жеке жұмыс істеуге арналған бағдарлама бар. Емдеу мерзімі аурудың деңгейіне байланысты 8-14 күнге созылады», - дейді реабилитолог дәрігер Арыстанбек Амантай.

Сонымен қатар, оңалту орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сақтандырылған науқастарға оңалтудың екінші және үшінші кезеңі бойынша тегін қызмет ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар