Ақмола облысында оқушылар қашықтан оқиды
«Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Ол бүкіл республика бойынша балалар 31 қаңтарға дейін онлайн форматта оқиды деп шешім қабылдады. Алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайға назар аударылатын болады», - деді Серік Омарханов.
Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын нашарлап келеді, бүгінде өңір «сары» аймаққа ауысты.
«Облыста жыл басынан бері COVID-19 ауруының 500-ге жуық жағдайы тіркелді, олардың басым бөлігі - ЖРВИ белгісі бар адамдар. 11 қаңтарда 48 жағдай тіркелді, 12 қаңтарда-138 жағдай, 2,8 есе өсті. Соңғы аптада-344 эпизод, өткен аптада-266, өсім 1,3 есе», - деп атап өтті Серік Омарханов.
Жалпы, Ақмола облысында COVID-19 жұқтырудың 50 220 жағдайы тіркелді, оның ішінде ересектер арасында - 44 393, 14 жасқа дейінгі балалар арасында-5 827 жағдай.
Айта кетсек, Ақмола облысында 2022 жылдың 14 қаңтардан бастап карантин шаралары күшейтіледі.