Ақмола облысында оқу жылы басталғаннан бері 33 оқушы COVID – 19 жұқтырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында оқу жылы басталғаннан бері 33 оқушының COVID – 19 жұқтырғаны зертханада расталды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, үстіміздегі жылдың 1-ші қарашасындағы мәлімет бойынша, облыста 4 143 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханада расталды. Оның 2 244 белгісі бар, 2 190 жағдайда белгісіз вирус тасымалдаушы. Ал, 78 адам көз жұмған. Соңғы күндері өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өсіп келеді. Мәселен, соңғы аптада облыс бойынша барлығы 281 адам коронавирус табылды.

Сонымен бірге, оқу жылы басталғаннан бері өңірде 33 оқушының COVID – 19 жұқтырғаны зертханада расталып отыр.

«Оның ішінде 8 оқушы штаттық режимде, 25 оқушы қашықтан білім алғандар. Ал, 16 жағдай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тіркелді», - дейді С.Ілясов.

Брифингте басқарма басшысы атап өткендей, қазан айында облыста 22 медицина қызметкері коронавируспен науқастанған. Оның 12-і Көкшетау қаласында, 1-і Жақсы ауданында, 1-і Целиноград ауданында, 2-і Степногор қаласында тіркелген. 22-і жағдай медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне байланысты болса, қалғаны кәсіби қызметіне қатысы жоқ.


Соңғы жаңалықтар