Ақмола облысында Наурыз мейрамын тойлауға 20 мыңнан астам адам қатысады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін ақмолалықтар тұңғыш рет екі күн бойы дүрілдетіп атап өтпек. Мереке күні облыс орталығындағы Абылай хан мен Тәуелсіздік алаңдарында 17 киіз үй тігіліп, «Шуағын шашқан Наурыз!» атты театрландырылған қойылым көрсетілетін болады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Көкшетауда наурыз мейрамына дайындық және ұйымдастыру мәселесі тиісті мекемелер мен жауапты мемлекеттік органдармен қолға алынуда. Мереке күндері ұлттық ойындар мен спорт түрлері бойынша жарыстар өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдар ұсынылатын болады. Қала ішінде 6 жерде тақырыптық баннер орнатылып, оннан астам автобус аялдамасы безендірілді, сондай-ақ, олардың маңына "Наурыз" жазуы бар кіші сәулет өнер туындылары да қойылуда.

Қала басшылығының айтуынша, наурыздың 20 күні "Алтын ғасыр" сауда үйінің алдында Еңбекшілдер, Егіндікөл, Астрахан аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Ал, 21 наурыз күні Абылайхан және Тәуелсіздік алаңдарында 17 киіз үй тігіліп, «Шуағын шашқан Наурыз!» атты театрландырылған қойылыммен қатар, түрлі мәдени және спорттық шаралар өтеді.

Жалпы, мереке күнгі шараларға 20 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар