Ақмола облысында «Наурыз көже - ұлыс дәмі» ұлттық тағамдар байқауы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Наурыз мерекесіне орай Зеренді ауданының қоғамдық тамақтану кәсіпкерлері арасында «Наурыз көже - ұлыс дәмі» ұлттық тағамдар байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығында ұйымдастырылған байқауда жергілікті туристік нысандар өздері жасаған ұлттық тағамдарын ұсынды. Байқауға қатысушылар түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып көрді.


«Байқау қорытындысы бойынша алғашқы үш орынды «Керемет» дәмханасы («К.С.Ескендіров» жеке кәсіпкерлігі) мен «Aurora Garden» отбасылық демалыс орталығы (Шораева Замира Өмірбекқызы) және «Садықов» жеке кәсіпкерлігі өзара бөлісті. Ал қалған қатысушылар – «Секенов» жеке кәсіпкерлігі, «Тамаша» дәмханасы («Мұханжаров» жеке кәсіпкерлігі) және «Синильга» мейрамханасы (Н.В.Сусина) байқауға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды», - деді Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар