Ақмола облысында МЖС шеңберінде балабақша ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Аружан» жаңа балабақшасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тайбай селолық округінде салынған жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудандық мәслихаттың депутаты Надежда Горончко мен Тайбай селолық окургінің әкімі Талғат Кәрібжанов сый-сыяпат жасады.

Балабақша иесі, кәсіпкер Айнур Жарболованың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру нысаны 50 балаға арналған.

«Қазіргі кезде, 30 бала қабылданып, тәлім-тәрбие алуда. Оқу-әдістемелік процестер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру стандартына сәйкес жүргізілуде», дейді Айнур Жарболова.

Соңғы жаңалықтар