Ақмола облысында мүсін, ескерткіш және бюст шығарыла бастады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы «Қазақстан көркем комбинаты «Қазарт» ЖШС-нің мүсін, ескерткіш және бюст құюмен айналысатын көркем-өндірістік комбинатының алғашқы өнімі шығарыла бастады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл жобаның құны 400 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде негізгі цех құрылысы 100 пайыз аяқталды. Қажетті отандық және ресейлік құрал-жабдықтар орнатылуда.

Комбинат дизайн, жобалау жұмыстары және қара және түрлі түсті темірден, пластик, табиғи тас гипс және мозайкадан (мүсін, ескерткіш және бюст) шығарумен айналысатын болады. Қазіргі таңда алғашқы өнім шығарыла бастады.

Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 400 тонна мүсін, ескерткіш және бюст құюға мүмкіндік береді. 2019 жылдың екінші жартыжылдығында толық қуаттылығына шығу жоспарланған. Бүгінгі күні мұнда суретшілер, шеберлер және дизайнерлер жұмыс істеуде. Өнім Қазақстан және ТМД елдеріндегі сауда орындарына шығарылмақ. Қазірдің өзінде Астана және еліміздің өзге өңірлерінен сұраныс түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар