Ақмола облысында мүгедек «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы арқылы инватакси қызметін ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының тұрғыны Амангелді Қапанов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдаумен айналысатын инватакси қызметін ашты.

Бүгінгі күні Целиноград ауданында әлеуметтік санатты мүмкіндігі шектеулі 1200 адам тұрады. Оның ішінде «арбадағы» 70 мүгедек өзі еркімен қозғала алмайтындар.

Бұл адамдар үшін әлеуметтік мекемелерге барып, қатынап отыру қиынға соғатын. Ақмола ауылында ашылған Амангелді Қапановтың такси қызметі бұл мәселені толығымен шешпесе де, жергілікті мүмкіндігі шектеулі жандардың қатынап отыруы үшін қолайлы болып отыр. Амангелдінің өзі «Болашақ» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Еске сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынғаннан бері Целиноград ауданында 72 адам шағын несие алып, өз кәсібін ашқан.

Соңғы жаңалықтар