Ақмола облысында мотоциклші жол апатынан көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мотоциклші жол апатына ұшырап, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 31 мамырда «Көкшетау – Омбы» автожолының бойында «Көкшетау-2» стансасының тұсында Racer мотоцикілі жол апатына ұшырады. Елорда тұрғыны 41 жастағы мотоциклші рульге ие бола алмай, қисық сызықты брусқа соғылды.

«Мотоциклші Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды. Алайда, ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары мотоцикл жүргізушілеріне арнайы қорғаныс киімдерін киюге және жолда жүргенде сақтық шараларын естен шығармауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар