Ақмола облысында «Менің туым – менің Отаным!» челленджі жалғасуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Менің туым – менің Отаным!» атауымен патриоттық челленджі жалғасып жатыр. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бағытталған шараға аймақтың барлық елді мекендері белсене атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай ауданында бастау алған акция бұл жолы Зеренді ауданындағы ауылдарда жалғасын тапты. Қарашілік ауылында өткен шарада алдымен, аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры Бақытбек Сейдахметов пен ауыл мешітінің имамы Ырымбек Нәкенов сөз сөйлеп, ақ батасын берді. Бұл шараға ауыл азаматтары белсене қатысты. Олар көк байрақты аспанға көтеріп, құрмет көрсетті. Салт атты азаматтар көк туды қолына алып, ауыл ішін аралады. Патриоттық шараға жергілікті тұрғындармен бірге жырақта жүрген ауыл азаматтары да арнайы қатысып, бой көрсетті.

Аталмыш шараға Зеренді ауданының Ортақ, Қанай би, Молодежный, Үлгілі және өзге де ауылдары қолдау танытты. Олар өзара келісіп, патриоттық челленджді бір-бірлеріне жолдап жатыр. Бұдан әрі акция Бөгенбай би, Қызылқайнар, Викторовка, Красиловка елді мекендерінде де өтті. Әсіресе, Жылымды ауылындағы акция өте әсерлі болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақмола облысының ауылдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің туым – менің Отаным!» патриоттық челленджі өтіп жатқандығы жарияланған еді.


Соңғы жаңалықтар