Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 52 жобаны жүзеге асыру жоспарланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 52 жобаның тізбегі жасалды. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен мәжілісте айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбеков Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту аясында қолға алынған шаралар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, облыс бойынша жалпы құны 24,5 миллиард теңгені құрайтын 52 жобаның тізбегі жасалған. Оның ішіндегі 35-і инвестициялық шығын өтемақысын қажет етпейтін жобалар.

«Целиноград ауданы Ақмол аулында 1 жобаның тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі кезде аталған жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 20,8 миллион теңге қарастырылып отыр», деді Д.Әділбеков.

Оған қоса, Еуропалық қайта құру және даму банкімен серіктестік шеңберінде Көкшетау қаласында коммуналдық сала бойынша 3 жоба ұсынылып отыр. Оның ішінде қаланы сумен жабдықтау пилоттық жоба ретінде қарастырылмақ. Осындай жобалар Степногор және Атбасар қалалары мен Ерейментау және Аршалы кенттерінде қолға алынуы мүмкін.
Еске сала кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік - бұл мемлекеттік және жекеменшік сектордағы инфроструктуралық қызметтер мен қоғамдық қызметтер көрсету жобаларын іске асыру мақсатындағы ынтымақтастық (білім, денсаулық, ТКШ, энергетика және көлік).

Соңғы жаңалықтар