Ақмола облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған фотосуреттер байқауының жүлдегерлері анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік рәміздер күні - барша қазақстандықтарды біріктіретін ерекше мереке. Осы айтулы оқиғаның құрметіне Шортанды ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Instagram әлеуметтік желісі алаңында «Бұл менің туым» атты фотосуреттер байқауы өтті. Биыл аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша фотобайқаудың басты мақсаты жастардың патриотизмі мен мәдениетін қалыптастыру, Отан үшін мақтаныш сезімін білдіру болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында фотобайқаудың қорытындысы шығарылды. Жүлделі орындар ең көп лайк саны бойынша анықталды. Бірінші орынды Шортанды кентінің №3 мектебінің оқушысы Орал Орынбасар иеленді.

«Мемлекеттік рәміздер Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат негізделген құндылықтарды бейнелейді. Бұл - ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан, Мемлекеттік рәміздер өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Мерей Ақшалов.

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында өңірде мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді.


Соңғы жаңалықтар