Ақмола облысында мемлекеттік орган ғимаратын өртемек болғандар іздестіріліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында мемлекеттік орган ғимаратын өртемек болғандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 19-да Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті атқарушы орган қызметкері хабарласып, белгісіз біреулердің сағат 03:30 шамасында әкімшілік ғимаратқа от қойғанын айтқан. Шығын көлемі 6 млн теңгеге бағаланды.

«Жедел-тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратында өрт болғанын анықтады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Оқиға болған жерді тексеру барысында спецификалық иісі бар литрлік шыны ыдыс пен пластикалық зат табылды», -деді ведомстводан.

Осы қылмысты жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары қолға алынды.

«Өртті Аршалы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауыздықтады. Адамдар аман», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Ақмола облысында қоқыс жинамағаны үшін аудан әкімнінің орынбасары жазаға тартылған болатын.



Соңғы жаңалықтар