Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ мемлекеттік қызметшіге құрмет көрсетіліп, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл аталған мереке Астана қаласының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің  құрылғанына жиырма жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. «Көкшетау» мәдениет сарайында өткізілген салтанатты шара шымылдығы мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастардың ант қабылдау рәсімімен ашылып, облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Шөкенов құттықтау сөз сөйледі.

null«Мемлекеттік қызметші - мемлекетіміздің айнасы. Халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру, еліміздің басты тірегі болу - барлығымыздың мәртебелі міндетіміз. Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолында сіздердің еңбектеріңіз зор. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады»,  деді Қанат Шөкенов.

 nullАйта кетейік, қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің саны 90 мыңнан асады. Соның ішінде Ақмола облысындағы 707 мемлекеттік органдарда 6 мың мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олардың ішінде ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының және мемлекеттік басқару академиясының түлектері бар. Бүгінгі күні облыстағы мемлекеттік қызметшілердің төрттен бір бөлігі - 29 жасқа дейінгі жастар.

nullМемлекеттік қызметке қосқан үлесі үшін облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Жанар Темірхановаға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табыс етілді. Мереке иелерінің тағы бір тобы облыс әкімінің, сондай-ақ,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар