+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды

2021 жылғы 21 сәуір 10:14
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокуратурасы тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактураларды жазу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Саиров: Қоғамдық кеңестің мақсаты - жемқорлыққа бейім мәселені алдын алу «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты көтереді Атырау облысында жемқорлық туралы хабарлағандарға 2,6 млн теңге берілді

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының тұрғындары аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында бизнестің жекелеген субъектілеріне жалған шот–фактуралар жазып берген.

Осыған байланысты өңір прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеу амалдарын жүргізу үшін Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.

«Тергеу барысында аталған тұлғалардың қарсы әрекеттері арқылы мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілгені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері тұрғындарға қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардан зардап шексе немесе осыған ұқсас жағдайларды білетін болса, бірден Ақмола облысының прокуратурасына 8 (7162) 25-48-94, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне 8 (7162) 25-62-84 сенім телефондары бойынша хабарласуын сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT