Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қылмыскер Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы Лесная поляна шағын ауданында қолға түскен.

«Патрульде жүрген жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлері 1973 жылы туылған ер адамды бірден танып,  қолға түсірді. Тексеріс барысында оның Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі «алаяқтық жасау» бойынша қылмыс жасап,  мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде қылмыскер ұсталып, криминалдық полиция қызметкерлері одан әрі жедел тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар