Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Наурыздың 16-17 күндері аралығында облыс аумағында достастық елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген «Іздеу» алдын алу шарасы барысында 11 қылмыскер қолға түсті.

Оның 3-уі Ресей Федерациясы аумағында бірқатар қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргендер. Оның бірі есірткі саудасымен айналысқан 23 жастағы қазақстандық болса, екіншісі 38 жастағы Бұланды ауданының тұрғыны. Омбы қаласында ұрлық жасағаны үшін оған 2015 жылдың ақпанынан бастап мемлекетаралық іздеу жарияланған», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар