Ақмола облысында мектеп мұғалімі «Супер келін» атанды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында «Бақытты отбасы» жобасы аясында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Супер келін» байқауы өтті.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Байқауға 20 және 35 жас аралығындағы келіншектер қатысты. Олардың бесеуі Ерейментау қаласынан болса, қалғаны ауданның әр өңірінен келген. Сайыс жеңімпаздары «өзін-өзі таныстыру», «қолөнер шебері», «мамамның сыйлығы», «даңқ сәті» және «үй тапсырмасы» аталымдары бойынша анықталды.

Байқау қорытындысына сай гран-при Ерейментау қаласы №1 орта мектебінің мұғалімі, екі баланың анасы Жанна Сетаеваға бұйырса, бірінші орынға Еркіншілік ауылынан келген «Еркетай» балбақшасының тәрбиешісі Жанар Оспанова лайық деп танылды. Жеңімпаздардың барлығы арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар