Ақмола облысында медицина қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер Бурабай ауданында 2 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бурабай ауданында кәмелеттік жасқа толмаған баланың өлімі бойынша ҚР ҚК 317-бабы («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ведомствода.

Қазіргі уақытта комиссиялық сараптама тағайындалған. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, 2018 жылы 17 қазанда 2 жастағы бала Бурабай аудандық көп салалы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ішек таяқшасы инфекциясымен жатқызылған еді. Екі күннен кейін қызды денсаулығының нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырған. 20 қазанда ол қайтыс болған. Ол Щучье қаласындағы сауда үйлерінің бірінен сатып алынған шұжықты жеп, науқастанып қалған.

Сараптама үшін осы сауда үйінде сатылатын 16 түрлі шұжық алынды. Жоспардан тыс көптеген тексерістер жүргізілді.

Алайда, тексерудің нәтижесі бойынша оның шұжықтан уланғаны расталмады. Қыздың денесін ашу нәтижесінде баланың асқазан мен ішекке зақым келтіретін ротавирустық инфекция салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.

Автор: Оксана Матасова

Соңғы жаңалықтар