Ақмола облысында медбике заңсыз морфин ампуласын үлестіргені анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында медбике заңсыз морфин салынған ампуланы қолдануға рұқсаты жоқ фельдшерлерге үлестіргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша ағымдағы жылдың 26-шы наурызы күні Ақмола облысы аумағында жүргізілген «Допинг» жедел алдын алу шарасы кезінде бірқатар аурханалар мен дәріханаларда есірткілік және жүйкеге әсер ететін заттардың қолдану ережесінің бұзылғаны анықталды.

«Оның ішінде аудандық аурхананың медбикесі заңсыз морфин салынған ампуланы қолдануға рұқсаты жоқ фельдшерлерге үлестіргені анықталды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 303 бабының 1 бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша аурухана қызметкеріне 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы дәріханалардың бірінде «Мизопростол» емдік препаратының рецептсіз жіберілгені әшкерленді.

Оған қоса, «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында Атбасар, Сандықтау, Астархан аудандары және Көкшетау қаласында бір тәуліктің ішінде ҚР ҚК 296 бабаның 1-3 бөлімі бойынша (есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды, оларға ұқсас өзге де заттарды заңсыз қолдану) қылмыстық іске жол берілгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар