Ақмола облысында мас жүргізуші мектеп оқушысын қағып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Целиноград ауданында жаяу жүргіншілерге арналған жолда жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жүргізуші зардап шеккен оқушыға көмек көрсетпестен, оқиға орнынан ізін суықтан.
«2020 жылдың 12-ші наурызында 37 жастағы жүргізуші «Мазда-626» көлігімен Қоянды ауылында жаяу жүргіншілер ге арналған жолмен өтіп бара жатқан 15 жастағы оқушы қызды қағып кетті. Жол көлік оқиғасынан жасөспірім жеңіл дене жарақатымен ауруханаға түсті», деп түсіндірді ведомстводан.
Целиноград аудандық Полиция департаментінің тәртіп сақшылары аталмыш көлік пен оның жүргізушісін анықтады.
«Анықталғандай көлік жүргізуші жол көлік оқиғасы кезінде жеңіл масаң күйде болды. Оқиға фотокамераға түсіп қалды. Жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», - деп толықтырды ведомстводан.
Қазіргі кезде, зардап шеккен жасөспірім дәрігерлердің бақылауында. Тергеу амалдары жалғасуда.
- ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
-
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
-
Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам