Ақмола облысында мас жүргізуші екі адамды қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында екі жаяуды жүргіншіні қағып кеткен мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 24-де Шортанды ауданында 35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2106» автокөлігімен жолдың оң жақ тұсымен (жолдың бұл тұсында тротуар жоқ) жүріп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші орташа деңгейде мас болған. Зардап шеккендер 36 жастағы әйел мен 9 жастағы қыз бала ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, осы оқиға байланысты ҚР ҚК 345–1 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары одан әрі жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар