Ақмола облысында мас күйінде көлік жүргізген 2300 адам куәлігінен айырылған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Ержан Сəденов тұрғындар алдында алғашқы есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысы жиналғандарға өңір полицейлерінің жұмысы ғана емес, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтары мен əлеуметтік желі арқылы жолданған сауалдарға жауап берді.

«Мұндай ауқымдағы шаралар тұңғыш рет өткізіліп отыр. Қазіргі заманғы цифрлық технология қолданып отыр. Тұрғындар сауалын Facebook əлеуметтік желісі арқылы қабылдаудың арқасында интернет қолданушылардың саны артты», деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Департамент басшысы алдымен Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерге тоқталып, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және өңірде қылмыспен күрес шаралары туралы айтып берді.

null
Сонымен қатар, ол құқық қорғау жүйесін жаңғырту шеңберінде ведомство қызметіндегі соңғы өзгерістер туралы баяндады.

Нақтырақ алсақ, еліміз бойынша Ақмола облысы полиция департаментінде бірінші болып «Азаматтарға арналған қабылдау» жұмыс істей бастады. Екі айдан бері барлық әкімшілік ғимараттарда келушілерге консультативтік көмек көрсету үшін қолайлы жағдай жасалған. Бұған қоса, департаментте «Тиімді полиция: жұмыс уақытын ұтымды пайдалану» жобасы сәтті жүзеге асырылуда.

Департамент басшысы атап өткендей, соңғы жылдары өңірде қылмыстың саны азайып келеді. Оның ішінде ауыр қылмыс, қарақшылық, тонау, бұзақылық, мал ұрлығы, көлік ұрлығы және алкогольдік масаң күйде жасаған қылмыстардың саны азайған.

Бұған полиция ғана емес, өзге де мүдделі органдардың бірлесіп жүргізген жедел алдын алу шарасының нәтижесінде қол жеткізілді.

«Биылғы жылы өңір полицейлері заңсыз есірткі саудасына қатысты 200-ден астам қылмыстың бетін ашып, 880 кг астам есірткі затын тәркіледі және есірткі саудасымен айналысқан 64 адамды ұстады. Оған қоса, өңір автожолдарында есірткі шегіп, көлік айдаған 224 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде рөлге отырған 2300 адам жүргізуші құқығынан айырылды», деп атап өтті департамент басшысы.

Қоғамдық жерлерде қылмыспен күресуде бейнебақылау камераларының пайдасы зор. Осы бағытта облыс бойынша барлығы 332 видеокамерасы орнатылғанын айта кеткен жөн. Бейнебақылау камерасы тәулік бойы мониторинг жүргізіп отыруға септігін тигізеді. Осы ретті «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп «Жоғарыдан бейнебақылау» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде тұрғын үйлердің кіреберісіне 928 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Жаңалықтардың бірі Көкшетау қаласында бірнеше функцияларды біріктіру арқылы сall-орталық ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар