Ақмола облысында мал шаруашылығы кластері құрылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданында құны 11 миллиард теңгеге мал шаруашылығы кластері құру жоспарланған. Бұл туралы Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы ауыл шаруашылығы саласының ішкі өнім көлемі 25 миллиард теңгені құрап, нақты көлемі индексі 109,8 пайызды құрады. Егіншілік саласында 1,8 миллиард теңгенің, мал шаруашылығында 6 миллиард 977 миллиаон теңгенің өнімі өндірілді. «Нұр-А» және «Петровка-1» әлеуметтік кәсіпкерлік коопертивтері 250 тоннадан астам сүт өңдеді», - дейді Н. Сейілов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Индустриаландыру картасы шеңберінде жұмыс істейтін кәсіпорындар «Острогорское» ЖШС, «Астархан құсы АПП» ЖШС барлығы 892 миллион теңгеге сиыр және құс еті өндірілді.

«АПК Вavaria рrоduсt» ЖШС инвестициялық жобасы шеңберінде 2050 басқа арналған шошқа кешені, мал азығын дайындайтын зауыты, ет өңдеу комбинаты бар құны 11 миллиард теңгеден асатын мал шаруашылығы кластерін құру бойынша инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы, аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 4289 миллион теңгені құрады. Айта кетейік, мал шаруашылығын дамыту жөнінде Елбасы Жолдауында айтылған болатын.

Айта кетейік, Астархан ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1150 бірлікті құрады. Шағын және орта бизнес саласында 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық және медениет саласында да атқарылып жатқан шаруалар сөз болды.

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 17 жоба әзірленді. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде балалардың шығармашылық үйінде «Истоки» мұражай және өлкетану клубы жұмыс істейді. Бұл мұржай «Облыстағы ең үздік қоғамдық мұражай» мәртебесін алды. Бұған қосымша мектептерде 6 мұржай бар. «Бал махаббат» және «Әулиелер ордасы» Ақмола облысының киелі жерлері тізіміне еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар