Ақмола облысында мәдени-сауықтыру кешені ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында мәдени-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің дерегі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде  Зеленый Гай ауылында ауыл клубы мәдени-сауықтыру кешені ретінде қалпына келтірілді.

Нысанның ашылуы рәсіміне аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев, «Родина» агрофирмасы» ЖШС директоры Иван Сауэр және ауыл тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын ауданның мәдени өміріндегі осынау қуаныштарымен құттықтады.

null«Нысан 1990 жылдары тұрғызылған. 2017 жылдың маусым айынан бастап, «Родина» агрофирмасы» ЖШС мен Ақмола облысы әкімдігі арасында жасалған меморандум шеңберінде құны 101 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары қолға алынды.

nullАумағы 358 шаршы метр кешенде 150 адамға арналған банкет, көрермен, диско және үйрме залдары бар. Бұған қоса, «Тополек» ансамблі, балалар мен зейнеткерлерге арналған шығармашылық үйірмелер жұмыс істейтін болады.

Жергілікті бюджет есебінен жалпы құны 3 миллион теңгеге спорттық жабдықтар мен музыкалық аппаратура, ноутбук және өзге де техникалар сатып алынды», - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз хатшысы Динара Тұрсынова.

Соңғы жаңалықтар