Ақмола облысында лагерьдегі бала өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балалар лагерінде демалып жатқан жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, 15 жастағы А.Д. Семенцов 9 шілде күні "Арман" балаларды сауықтыру лагерінде суға батып кеткен. Анықталғандай, ол рұқсат етілмеген су қоймасында шомылған.

"2003 жылы туған жасөспірімнің өліміне байланысты ҚР ҚК 254-бабы бойынша (өз міндетіне немқұрайлы қарау) іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ведомствоның баспасөз қызметі баланың аталмыш лагерьге Астанадан барғанын растаған болатын. Оның денесі мəйітханаға жіберілді. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Тергеу шараларының барысы Ақмола облысының прокуратурасы мен ІІД басшысының  бақылауына алынды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар