Ақмола облысында қызылша жұқтырған 77 адам тіркелді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қызылша жұқтырған 77 адам тіркелді, оның 6-ауы - медицина қызметкерлері. Соңғыларының диагнозы әлі расталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің баспасөз хатшысы.

«Жалпы, Ақмола облысы бойынша эпидемологиялық жағдай тұрақты. Қызылшаның таралу маусымы қалыпты өтуде. Адамдардың жаппай ауруы тіркелген жоқ. Есесіне кездейсоқ оқиғалар орын алып отыр. Жалпы, облыс бойынша 2018 жылдың 1 қарашасы мен 2019 жылдың 14 қаңтары аралығында қызылша дертін жұқтырған 77 адам тіркелді. Оның 26-сы - 1 жасқа дейін, 26-сы - 1- 14 жас аралығындағылар, жасөспірімдер арасында 2 және ересектер арасында 23 оқиға тіркелді. Ересектер арасында 6 жағдайда медицина қызметкерлерінің (Ақмола облысының көпбейімді ауруханасы 2, Көкшетау қалалық аурханасында 1, Көкшетау қалалық №1 емханасында 3) жұқтырғаны анықталу үстінде)», - деп түсіндірді Ақмола облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның дерегі бойынша, қызылшаға қатысты 77 жағдайдың 43 де (Есіл, Аршалы, Зеренді аудандарында - 1 жағдай, Целиноград ауданында - 6 жағдай, Сандықтау ауданында - 23 жағдай және Көкшетау қаласында - 11 жағдай) зертханалық тексеріспен расталды. Оның 91 пайызы - екпе аламағандар. 9 жағдайда қызылша расталмады. 25 жағдайға байланысты тексеріс жүріп жатыр.

«Қазіргі кезде 25 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 18 науқас станционарлық, 7 адам амбулаторлық ем қабылдауда. Жағдайы қанағаттанарлық. Осы күні облыста эпидемияға қарсы және профилактикалық кешенді шаралар жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар