Ақмола облысында қымыз фестивалі өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Qymyz Fest» («Қымыз фест») қымыз фестивалі шеңберінде өткізілетін Бурабай-бəйге қатысушылары бас жүлде - 700 мың теңге үшін сайысатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Щучье-Бурабай курорты аймағын дамытып, туристерді тарту мақсатында Ақмола облысының туризм басқармасы мен «Бурабай даму» ЖШС-мен бірлесіп, «Four Seasons» жобасы шеңберінде тұңғыш рет «Qymyz Fest» қымыз фестивалін өткізеді. Фестиваль ұлттық тағамдар мен сусындар насихаттауға жəне салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өңірде туристік қызмет ауқымын кеңейтуге бағытталған», - дейді ұйымдастырушылар.

«Qymyz Fest» фестивалі шеңберінде Бурабай-бәйге-2018 сайысын өткізу жоспарда бар. Онда бас жүлдеге 700 мың теңге ақшалай сыйлық тігу қарастырылып отыр.

Фестиваль қонақтары үшін қымыздың 8 түрі ұсынылады. Сонымен қатар, қонақтар ат, квадрациклмен серуендеп, ұлттық спорт ойындары мен концерттік бағдарламаларды тамашалай алады.

Оған қоса ұлттық қолөнер шеберлері темір, ағаш, былғары жəне зергерлік бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Шараға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері мен тұрғындар қатысады.

Фестивальдің салтанаты ашылуы 26 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар