Ақмола облысында қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданған

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қылмыс жасаған адамның заңсыз мемлекеттік қызметке қабылданғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сот бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 681-бабы).

«Сотта анықталғандай, айыпты 2022 жылдың шілдесінде 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша сот үкімімен сотталған адамды мемлекеттік қызметке жататын құрылыс секторының меңгерушісі лауазымына жұмысқа қабылдаған. Осылайша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тартылған азаматтарды жұмысқа қабылдауға тыйым салатын «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның нормаларын ескермеген. Айыпты сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 241 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында мемлекет мүлкін жымқырған бұрынғы бөлім бастығы 5 жылға сотталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар