Ақмола облысында КВИ вакциналарының тиімділігіне талдау жүргізілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында КВИ-ға қарсы вакциналарға жүргізілген талдау «QazVac» отандық вакцинасының тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің вакцинациядан кейінгі науқастар бойынша бірлескен талдауына сәйкес, отандық «QazVac» вакцинасы ең тиімді екенін көрсетті.

«Аталған вакцинаны алғаннан кейін барлығы 94 адам немесе осы вакцинамен егілгендердің жалпы санының 0,6 пайызы ғана ауырды. Бұл Ақмола облысында қолданылатын басқа вакциналармен салыстырғанда екі есе аз», - деп бөлісті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Салыстырмалы түрде алсақ, «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) вакцинасынан кейін аймақта осы вакцинамен егілгендердің жалпы санының 1,2 пайызы ауырған. Бұл көрсеткіш «Hayat-Vax», «Vero Cell» вакциналарынан кейін-оған егілгендердің жалпы санының 1,3 пайызын, «Sinovac-CoronaVac» вакцинасынан кейін осы вакцинамен егілгендердің жалпы санының 1,3 пайызын құрады.


Соңғы жаңалықтар