Ақмола облысында КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпиджағдай тұрақты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы COVID-19 зертханалық расталған – 7247, 2021 жылы – 42434, 2022 жылдың басынан бері – 326 жағдай тіркелген. Өткен жылдың 21 желтоқсанынан бастап облыс «жасыл» аймақта тұр. Алайда, облыстың 19 ауданының 4-і, яғни Астрахан, Ақкөл, Жарқайың, Егіндікөл аудандары әлі де «қызыл» аймақта орналасқан. Атбасар, Есіл, Сандықтау аудандары «сары» аймақта.

«Соңғы аптада 2022 жылғы 3 қаңтардан 9 қаңтарға дейін COVID-19-ның 244 жағдайы тіркелді, өткен аптада 269 жағдай болса, осы аптада 1,1 есе төмендеді (25 жағдайға аз). Тәулігіне COVID-19 зертханалық расталған 31 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдары бар – 20 жағдай, симптомдары жоқ-11 жағдай. Яғни тәуліктің өсім 0,1 пайыз болды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, ЖРВИ белгілерімен дәрігер көмегіне жүгініп, емдеу кезінде анықталған жағдайлар – 12 (39%), байланыста болғандар арасында - 17 (55,0%), кәсіби тексеру кезінде-2 (6%). Ересектер арасында - 21, 14 жасқа дейінгі балалар арасында-10 жағдай тіркелді.

«Ауру жағдайлары Көкшетау қаласында-7, Бурабай-10, Аршалы-6, Сандықтау-3, Атбасар-2, Степногор-2, Ақкөл қаласында - 1 жағдай тіркелді. Тәулігіне COVID-19 зертханалық расталған 30 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдары бар 27 жағдай, симптомдары жоқ 3 жағдай. Ал тәуліктің өсім 0,1 пайыз болды», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, биылғы жылы КВИ ауруының 90 пайызында коронавирустың бірнеше рет мутацияланғаны байқалады. Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бүгінгі таңда республикада негізінен «үнді» және «британдық штамдар» жұққаны, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Омикрон» коронавирус штамының нұсқасы анықталды.


Соңғы жаңалықтар