Ақмола облысында квазимемлекеттік сектор қызметкерлері түрме аралады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бірлесіп квазимемлекеттік сектор өкілдері үшін түзеу колониясына профилактикалық экскурсия ұйымдастырды, деи хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Көкшетау тәжірибе-өндірістік шаруашылығы» ЖШС мен «Асыл түлік» мал шаруашылығындағы асыл тұқымды іс жөніндегі республикалық орталық» АҚ жұмыскерлері Степногор қаласының ЕЦ-166/18 мекемесіне барып, сотталғандарды ұстау жағдайымен танысты.

«Іс-шараға қатысушыларға сотталғандарға арналған жатақхана, асхана, тәрбие жұмысына арналған бөлме, тәртіптік изолятор көрсетілді. Сондай-ақ, колония базасының тігін цехында болып, жазасын өтеп жатқан адамдар жұмысымен танысты. Мемлекеттік қызметшілерді және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне экскурсия жасаудағы басты мақсат, олардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын ұғынуына және алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Гранитный кенті мен Степногор қаласының түзету колонияларына мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының және Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы Ақкөл филиалының ұжымдары барған болатын.

Еске сала кетсек, 100-ден астам ерекше күтімді қажет ететін бала Бурабайда мәдени ошақтарды тамашалауда


Соңғы жаңалықтар