Ақмола облысында күзгі жиын-теріннің 50 пайызға жуығы еңсерілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында күзгі жиын-терін жұмыстарының 50 пайызға жуығы еңсерілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчері хабарлады.

«Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 4 328,7 мың гектар алқаптағы егіннің 1 980,8 мың гектары жиналды. Бұл барлық егіс алқабының 45,8 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ,  келер жылдың егісі үшін 221,3 мың тонна тұқым құйылды. Облыс бойынша әр гектардан орташа 13 центнерден астық жиналуда. Ал, Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 15 центнерге дейін жетіп отыр»,- деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар