Ақмола облысында құрылыс материалдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің Ақмола облысының Шортанды ауданына жұмыс сапары барысында құрылыс материалдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды, деп хабарлады, облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Табиғи тастардан қиыршық тас пен өзге де құрылыс материалдарын өндіретін «Есіл-Стоун» ЖШС-гі инвестициялық жобасы Бектау селолық округінің аумағында жүзеге асырылып отыр. Осы орайда, серіктестік аталған кен орнында барлау жұмыстарын қолға алып, қазба жұмыстарын жүргізу үшін келісімшарт жасаған. Сонымен қатар, несие арқылы құны 436,9 миллион теңгеге түркиялық ұсату-іріктеу қондырғысы сатып алынып орнатылды. Қондырғы сағатына 200 тонна киыршық тас өндіруге қуатты. Өнім жол, үй құрылысына пайдаланылады. Қазан айының соңында жұмысын бастаған кәсіпорын 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жыл соңына дейін 50 мың тонна қиыршық тас өндіру жоспарланған. Алдағы уақытта кәсіпорында қабырға блоктарын шығаратын цех ашу жоспарда бар. Дайын өнімді Астана қаласындағы құрылыс алаңдарына жеткізу көзделген.

Соңғы жаңалықтар