Ақмола облысында құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана күніне орай Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында ағаштан құрылыс материалдарын шығаратын «TransTechMash LTD» ЖШС зауыты ашылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған зауыттың құрылысы өткен жылдың қарашасында басталған болатын. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 300 000 дана шпал, 5 мың текше метр тақтай шығаруға жетеді. Бүгінгі күні осынау жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі құрастырылып, негізгі құрал-жабдықтарды жеткізіп берушілермен келісім-шарт жасалды.

«Зауытта МЕСТ 78-2004 талабына сай үй құрылысына қажетті жоғары сапалы ағаштардан шпал, тақтай сияқты материалдарды шығарамыз. Бұл бізге өз кезегінде бүгінгі нарықта өз орнымызды тауып, үлкен пайда түсіруге мүмкіндік береді», - дейді серіктестік директоры С.Алексеенко.

Сонымен қатар бұландылықтар Астана күніне тарту еткен зауыт толығымен іске қосылған кезде 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар