Ақмола облысында «Құрбан айт» онлайн режимде ғана өтеді – қаулы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 15 шілдеден бастап карантиндік шектеулер күшейтілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша өңірде қоғамдық тамақтану нысандары мен үй ішінде отбасылық той-жиын мен еске алу шараларын өткізуге салынған тыйым жалғасатыны айтылған.

Парктерге, алаңдарға, скверлерге және халықтың басқа да демалыс орындарына үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы баруға рұқсат етіледі.

«Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдеріне көпшілік іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сондай-ақ ашық ауада өткізуге тыйым салуды қамтамасыз ету тапсырылады», - деп жазылған құжатта.

Ойын-сауық мекемелерінің (түнгі, ойын клубтары және басқалары), букмекерлік кеңселердің және ересектер мен балаларға арналған басқа да ойын-сауық мекемелерінің, кальян мекемелерінің, оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы мекемелердің қызметіне тыйым салынады.

Ал Ashyq жобасына қатыспайтын орындарда көрмелер, марафондар, мерекелік корпоративтер, еске алу өткізуге де тыйым салынады. Ashyq жүйесіне кірмеген облысаралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес автобус тасымалдаушыларға туристерді тасуы, ойын алаңдары, аттракциондар мен жабық үй-жайлардағы батуттар қызметі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша тоқтатылатын болды.

Бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулинг клубтары, мәдени нысандар, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония мекемелері, жабық жағажайлар және аквапарктер де қызметін уақытша тоқтатпақ. Ал спорттық іс-шаралар көрерменсіз ғана өткізілуі керек. Ал пойыздар ортақ вагондарға адам алмай қатынай алады.

Қаулыда облыстағы діни орындарда ғибадат жасау үшін ғимарат ішінде әр адамға 4 шаршы метр аумақ қамтамасыз етіліп, адам санын 30-дан асырмай, маскалық режимді сақтау отырып рұқсат берілетіні айтылған.

«Құрбан айт» мерекесін атап өту іс-шаралары тек олнайн режимде іске асырылсын», - деп жазылған қаулыда.

Қаулы 15 шілде күні сағат 00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар