Ақмола облысында құрамында алтыны бар руданы өңдейтін астыртын цех әшкерленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында құрамында алтыны бар руданы өңдейтін астыртын цех әшкерленді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес  басқармасының қызметкерлері Степногор қаласына қарасты Бөгенбай ауылының 40 жастағы тұрғынын ұстаған.

«Күдіктінің үйін тінту барысында ауладағы қораның ішінен алтыны бар руданы өңдейтін шағын цех табылды. Оған қоса заттай дерек ретінде 6 келіден астам құрамында алтыны бар руда тәркіленді», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 334-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар